Малайсары мектебінде ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Малайсары мектебінде ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға пән мұғалімдері, оқушылар және ата-аналар қатысып, ҰБТ-ға сапалы дайындық мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында білім алушылардың дайындық деңгейі, тиімді дайындық тәсілдері және психологиялық қолдау көрсету бағыттары қарастырылды.

Білім беру бөлімі тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, ата-аналар мен оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

Мұндай жүйелі жұмыстар білім сапасын арттыруға және түлектердің жоғары нәтиже көрсетуіне негіз болады.