Білім – болашақтың кілті! Білім беру бөлімінің басшысы Р. Еңсебаев Қаратерек мектебінің 11-сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және пән мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҰБТ нәтижелері жан-жақты талқыланды. Білім сапасын арттыру жолдары қарастырылып, оқушыларға бағыт-бағдар мен мотивациялық кеңестер берілді. Ашық пікір алмасу форматында өткен жүздесу қатысушыларға үлкен серпін беріп, алдағы сынаққа деген сенімді күшейтті. Түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже тілейміз!
