
Ұлттық спорт күніне орай облыс орталығында ұлттық ойындарды ұштастырған «Ұлттық мектеп лигасы» II облыстық Спартакиадасы өтті. Тағылымы терең бұл жарыс тек спорттық бәсеке емес, ұлттық рухты дәріптеген мәнді шараға айналды.
Сайысқа 5–6 және 7–8 сынып оқушылары қатысып, қазақтың көне ойындары – асық ату мен бес асықтан шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен мергендікті ғана емес, сабыр мен табандылықты да танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан 5–6 сыныптар арасында Май ауданы Көктөбе мектебі жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл дода – жеңісті анықтаумен ғана шектелмей, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ата-баба мұрасына деген құрметті арттырған маңызды қадам болды. Ұлттық ойын – ұлттың жаны мен рухани мұрасының айқын көрінісі.