18 Наурыз -ұлттық киім күні.

18 Наурыз -ұлттық киім күні.

Наурыз – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше мереке. Осы күні қазақ халқының ұлттық киімдері де ерекше маңызға ие. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Әжелеріміздің кимешегі, аналарымыздың камзолы, қыздардың әсем көйлегі мен сәукелесі – бәрі де әсемдік пен нәзіктіктің белгісі. Ал ер азаматтар шапан мен тақия киіп, салт-дәстүрімізді жаңғыртады.

Ұлттық киімдерді кию арқылы біз ата-бабамыздың мұрасын құрметтеп, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Наурыз мерекесінде ұлттық киім кию – бірлік пен ұлттық рухтың символы.