
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында бүгін мектептерде 12-14 жас аралығындағы балаларға бағытталған тақырыптық экономикалық ойын күні өткізілді. Экономикалық ойын «Біз және қаржылық қауіпсіздік» бағдарламасы болып табылады, себебі ойынға негізделген оқыту әдістері, әсіресе жасөспірімдер арасында, қызығушылық пен оқуды арттырады. Ойын барысында оқушылар қаржылық тәуекелдердің негізгі түрлері және өздерін қызықты түрде қорғау жолдары туралы біледі.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген іс шара жасөспірімдерде сандық және қаржылық ортада жауапкершілікті, сыни ойлауды, үнемшілдікті, адалдықты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыта отырып, «Экономикалық даму», «Қауіпсіз мінсіздік-құлық» және «Шифрлық даму» модульдерінің мақсаттарын шешеді.
Бағдарламаның мазмұндық элементтері қаржылық сауаттылықтың негізгі салаларын, соның ішінде қаржылық тәуекелдерді тануды, онлайн режимінде қауіпсіз мінез-құлықты, алаяқтықпен күресуді және жеке қаржылық шешімдер үшін жауапкершілікті түсінуді көрсетеді. Экономикалық ойын күнінің бағдарламасына сәйкес оқушылар сұрақ жауап айдары, топтық жұмыс, командалық ойын, викторина, рөлдік ойын,қаржылық сауаттылық, алаяқтық әрекеттерден сақ болу, ақшаны ұқыпыт ұстау және тағы да сол сияқты іс әрекеттер ұйымдастырылып өткізілді.