
2026 жылғы 22 қаңтарда Павлодар қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша А.Иманов атындағы орта мектептің жас маманы Сагынтаева Арайлым Кайркельдыевна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Жалтыр орта мектебінің ұстазы Заирова Гулжан Сайлаубаевна мен Малайсары орта мектебінің мұғалімі Жаксымбетова Қарлығаш Шишханқызы ІІІ дәрежелі дипломмен, Ақжар орта мектебінің ұстазы Турдымуратова Жумакул Жумагуловна Құрмет грамотасымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐💐💐