«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Бос лауазым атауы:
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 17.04.2025 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 26.04.2025ж.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 228000 теңге
Әдістемелік кабинетінің әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Біліктілікке қойылатын талаптар:
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
әдістемелік кабинеттің кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;
бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;
диагностика жүргізу;
педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;
ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;
ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;
аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,
нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;
білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды тапсыру үшін мекен-жайы:
БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, 18
Әңгімелесуді өткізу орны: Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ
Анықтама үшін байланыс: 8(71135) 21-3-64, 21-4-74