«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығының 2 тарау 7 тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2025 жылғы 4 наурыздағы №1-14/1322 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «М.Б.Ықсанов атындағы МББК» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына уақытша міндетін атқарушы болып Каратаев Жаран Саматович 2025 жылғы 5 наурыздан бастап тағайындалды.
Каратев Жаран Саматович 1987 жылы 22 ақпанда Батыс Қазақстан обысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің тарих факультетінің құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын тәмамдады Еңбек жолын 2008 жылы туған ауылындағы М.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында құқық және экономика негіздері пәні мұғалімі болып бастап, 2011 жылдан осы уақытқа дейін сол мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. Педагогикалық еңбек өтілі 16 жыл. «Педагог-сарапшы» және «Үшінші санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары бар.
Үйленген. Отбасында 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отырған көп балалы әке.