Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Ғ.Абдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Мендешов Мершат Салауатович 2025 жылғы 5 қаңтарынан бастап тағайындалды.
Мендешов Мершат Салауатович 1990 жылы 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітіріп, информатика пәнінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2011 жылы Жәнібек ауданы, Тау ауылы «Ғ.Абдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Осы уақытқа дейін қызметін атқаруда.
Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар.
Отбасылы, 3ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!👏👏👏