Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамызндағы №259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 18 желтоқсанндағы №2 хаттамасы және 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №1-14/7065 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс жұмыстар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Жексенов Есенгелди Кшанауович 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап тағайындалды.

Жексенов Есенгелди Кшанауович 1972 жылы 24 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1995 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу» мамандығы бойынша бітіріп, Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты.  Еңбек жолында 1995-2005 жылдары Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы жалпы  орта білім беретін мектебінде Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің мұғалімі, 2005-2008 жылдары  Ақоба ауылының әкімі, 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығында қосымша үйірме жетекшісі, 2009-2010 жылдары А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің директоры, 2010 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында аталған мектептің қосымша білім беру педагогі, 2010-2014 жылдары А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің бейнелеу өнері, сызу және технология  пәндерінің мұғалімі, 2010-2014 жылдары осы мектептің қосымша білім беру педагогі, 2019-2022 жылдары А.Оразбаева атындағы ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2022-2024 жылдары  А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің директоры, 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс жұмыстар орталығы» МКҚК директорының уақытша міндетін атқарушы қызметтерін бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Педагогикалық еңбек өтілі 29 жыл. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар.

Үйленген. Отбасында 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған әке.