АЛҒАШ РЕТ ӨТЕДІ

АЛҒАШ РЕТ ӨТЕДІ

🔸Елімізде бірінші рет ауыл мектерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткелі жатыр. Бұл ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтауға және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасауға үлкен мүмкіндік. Олимпиаданы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруда. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
🔸Бірінші кезең (бастапқы) - қараша айы;
🔸Екінші кезең (іріктеу) - желтоқсан айы;
🔸Үшінші кезең ( республикалық) - ағымдағы оқу жылының қаңтар айы
🔸Бірінші кезеңге ҚР аумағында орналасқан ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11(12) сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатысады. Ол онлайн-платформада өтеді, оған қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар онлайн-платформада тіркеуден өтуі тиіс. Оны аудандық білім ұйымдары өткізеді. І кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылардың жалпы санының 35%-ы олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жіберіледі.
ІІ кезең-іріктеу кезеңі. Іріктеу кезеңін облыстық білім басқармалары өткізеді. Олимпиада тапсырмалары онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағаз жүзінде жүзеге асырылады.
ІІІ кезең - республикалық. Жыл сайын Астана қаласында жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі.