Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №4 хаттамасы және 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №1-19/7198 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Ғ.Сарбаев атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тағайындалды. 

Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович 1989 жылы 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің «Информатика» мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орта жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2013-2024 жылдары Жәнібек ауылындағы Жәнібек колледжінде өндірістік оқыту шебері және информатика пәнінің оқытушысы, 02.09.2024-05.09.2025 жылдары Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы НОМ-де мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2025 жылдың қыркүйек-қазан айларында сол мектепте мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы, 2025 жылдың 28 қазаннан бастап  «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Ғ.Сарбаев атындағы МББК» КММ-нің директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі 14 жыл. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника ғылымдарының ғылыми педагогтік магистрі дәрежесі бар.  Үйленген. Отбасында 3 ұл тәрбиелеп отырған әке.