Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «А.Оразбаева атындағы НОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына конкурс өткенге дейін мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы болып Еркегулов Мерлан Талгатович 2025 жылғы 24 қарашадан бастап тағайындалды.
Еркегулов Мерлан Талгатович 1991 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих» пәнінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. Еңбек жолында 2012-2014 жылдары Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2014-2017 жылдары БҚО, Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2017-2019 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, 2019-2021 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы, 2021-2024 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас инспекторы, 2024-2025 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы болып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарды.
Еңбек өтілі 13 жыл. Үйленген. Отбасында 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған әке.