Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 15 қазандағы №2 хаттамасы және 2025 жылғы 16 қазандағы №1-19/5897 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Жәнібек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Фазылова Гулзада Маратовна 2025 жылғы 20 қазаннан бастап тағайындалды. 

Фазылова Гулзада Маратовна 1982 жылы 4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1912-1914 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық  университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша Бакалавр академиялық дәрежесін алып шықты.  Еңбек жолында 2001-2005 жылдары Борсы ауылындағы Ғ.Қараш аьындағы ЖОББМ-де бастауыш сынып мұғалімі, 192005-2006 жылдары Мектептен тыс жұмыстар орталығында үйірме жетекшісі, 2006-2007 жылдары аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үйірме жетекшісі, 2007-2018 жылдары «Жәнібек» балабақшасында тәрбиеші, 2018-2023 жылдары осы балабақшада әдіскер, 2023 жылдың 10 ақпанынан бастап «Жәнібек» бөбекжайында бөбекжай директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі 24 жыл. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар.

Отбасылы. Отбасында 2 ұл тәрбиелеп отырған ана.