
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 15 қазандағы №2 хаттамасы және 2025 жылғы 16 қазандағы №1-19/5897 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Кубаева Гульнара Кабдрешевна 2025 жылғы 20 қазаннан бастап тағайындалды.
Кубаева Гульнара Кабдрешевна 1967 жылы 20 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986-1992 жылдары Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. Еңбек жолында 1984-1985 жылдары Жәнібек ауылындағы №3 балабақшада уақытша тәрбиеші, 1989-2003 жылдары Жәнібек ауылындағы №1 ЖОББМ-де орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2003-2009 жылдары осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2025 жылдары осы мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін атқарды.
Еңбек өтілі 41 жыл. «Педагог-зерттеуші» және екінші санатты басшы біліктілік санаттары бар.