Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №9 хаттамасы және 2025 жылғы 4 қыркүйектегі №1-19/4993 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Мамбеталиев Сапар Абдоллинович 2025 жылғы 4 қыркүйектен бастап тағайындалды.
Мамбеталиев Сапар Абдоллинович 1977 жылы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. Еңбек жолында 1998-1999 жылдары Қамысты ауылындағы Е.Ниетқалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 1999-2002 жылдары осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002-2003 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2003-2005 жылдары Ұзынкөл ауылындағы Ұзынкөл ЖББОМ-нің директоры, 2005-2006 жылдары Жәнібек ауылындағы жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2006-2007 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы, 2008-2010 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жәнібек ауылындағы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2012-2017 жылдары Жәнібек ауылында №1 орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, 2017-2021 жылдары №1 мектеп-лицейінің директоры, 2021-2024 жылдары осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2024 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры болып бүгінгі күнге дейін атқарды.
Еңбек өтілі 25 жыл. «Педагог-зерттеуші» және екінші санатты басшы біліктілік санаттары бар.
Үйленген. Отбасында 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған әке.