
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында 11-сынып оқушылары арасында ІХ Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдарын айқындауына қолдау көрсету.
Олимпиада барысында аудан мектептерінен келген 11-сынып оқушылары өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, пәндік дайындықтарын сарапқа салды. Қатысушылар математика, физика, химия және биология бағыттары бойынша тапсырмаларды орындап, білім деңгейлерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар:
Жеңімпаз атанған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жас дарындарға алдағы облыстық кезеңде сәттілік, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Білім додасында ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрінулеріне тілектеспіз!