Меню
Страницы

"Математика, физика және информатика сабақтарындағы ЖИ модельдері" тақырыбында аудандық семинар оздырылды

"Математика, физика және информатика сабақтарындағы ЖИ модельдері" тақырыбында аудандық семинар оздырылды

Математика, физика және информатика
сабақтарындағы ЖИ модельдері.

Бүгін аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ базасында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты- педагогтердің жасанды интеллект технологиялары туралы білімін кеңейту, заманауи ЖИ модельдерін оқу үдерісінде тиімді және қауіпсіз қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ олардың көмегімен сабақтың сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін және білім алуға қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету.
Семинар барысында ЖИ модельдерінің білім берудегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды, математика, физика және информатика сабақтарында ЖИ құралдарын қолдану тәсілдерін көрсеттті, сабаққа тапсырма, тест, есеп, презентация және оқу материалдарын әзірлеуде ЖИ-ді тиімді пайдалану мен оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау мүмкіндіктерін қарастырылды. Сонымен қатар, ЖИ көмегімен оқушылардың логикалық, алгоритмдік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттыру жайы мен ЖИ-ді қауіпсіз, жауапты және академиялық адалдық қағидаларына сай пайдалануды қалыптастыру туралы ой бөлісті.
Практикалық бөлімінде Талғатов Д.Т -“ЖИ көмегімен интерактивті білім беру ресурсын және видео жасау”, Мендешов М.С.- “Мультимодальды модельдер”, Зинетуллаев М.С.- «Gemini, Storybook, GemBot және Gemini симуляторы», Қамашева Л.Қ.- “Roqed ai”, Шарафетдинова А.Б. - “gamma ai”, Сериков А.М. -”Google colab” сынды цифрлық құралдармен педагогтермен жұмыс жасады.
Семинар-практикум өз мақсатына жетті. Педагогтер ЖИ модельдерін сабақтың әр кезеңінде қолданудың практикалық тәсілдерін меңгеріп, өз пәндеріне бейімделген цифрлық оқу материалдарын әзірлеу бойынша тәжірибе жинақтады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері