«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026»
📢 Жәнібек ауданының педагогтарының назарына!
Құрметті әріптестер!
«Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне дайындық жұмыстары басталғанын хабарлаймыз.
🖥️ Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.
📅 Конкурс кезеңдерінің өткізілу мерзімі:
🔹 Аудандық (қалалық) кезең – 2026 жылғы шілде айы
🔹 Облыстық кезең – 2026 жылғы тамыз айы
🔹 Республикалық кезең – 2026 жылғы қыркүйек айы
📚 Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
🌐 Құжаттарды онлайн жүктеу платформасы:
👉 https://uzdikustaz-nobd.edu.kz
📂 Конкурсқа қатысуға ниетті педагогтерді қажетті құжаттарын алдын ала дайындап, белгіленген мерзімдерді назарда ұстауға шақырамыз.
🌟 Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жеңіс тілейміз!
#ҮздікПедагог2026 #ЖәнібекАуданы #БҚО #Педагог #Білім #ОқуАғарту