Меню
Страницы

«Robotek Grand Tournament» облыстық роботтық техника жарысының аудандық кезеңі

«Robotek Grand Tournament» облыстық роботтық техника жарысының аудандық кезеңі

2026 жылдың 09 ақпанында білім алушылардың робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау, жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету, қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару, бәсекеге қабілетті командаларды анықтап «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына іріктеу мақсатында мектептен тыс балалар орталығы базасында облыстық роботтық техника жарысының аудандық кезеңі  оздырылды. Роботтық техника жарысына аудандық білім беру бөліміне қатысты білім беру ошақтарының оқушылары және мектептен тыс балалар орталығының тәрбиеленушілері қатынасты.

      Жарыс мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету.
  • Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
  • Ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру;
  • Балалар мен жасөспірімдерде спорттық және кәсіби қызмет үшін қажетті дағдыларды дамыту;
  • Жастардың өзекті инженерлік-техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • Балалар мен жастардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру;
  • Дарынды жастарды анықтау, іріктеу және қолдау;
  • Робототехника бойынша республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысу үшін облыстың (өңірдің, Республикалық маңызы бар қаланың) ең мықты спортшыларын іріктеу турларында анықтау және құрама командаларын қалыптастыру;
  • Елдің робо-спорт резервін қалыптастыру және дамыту.

Роботтық техника жарысы «Роботек», «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Мерген», «Туды жеткізу», «Сұрыптаушы робот», «РобоБаскетбол» санаттарынан өткізілді. Жарыс  төрешілерінің шешімі бойынша төмендегі оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып облысқа жолданды.

Инверсттік сызық бойымен жарыс санатынан:

  • Төлеген Бердібек (МТЖО тәрбиеленушісі, 8 сынып), жетекшісі - Сағадетов Елдос Базарбайұлы;

Роботек санатынан:

  • Хасимов Карим (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 5 сынып), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғатұлы;

Мерген санатынан:

  • Амангелді Ераман (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 8 класс), жетекшісі- УахитовИсетай Нурланович;

Сұрыптаушы робот санатынан:

  • Нұрлан Шыңғыс (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 8 класс), Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 11 класс), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нұрланұлы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Ұстаздарымызға алғыс білдіреміз, облыстық кезеңге жолдама алған  жүлдегерлерімізге сәттілік тілейміз! Аудан намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз!

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты