«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымның атауы:
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 06.05.2026 ж.
Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 18.05.2026 ж.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 207515 теңгеден бастап
өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және жаңа өнім түрлерiн игеруге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану арқылы жоғары түпкілікті нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты орындайды;
өнiмдi сату көлемiн арттыру және табыс көлемiн ұлғайту мақсатында ұйымның шаруашылық-қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қызметінің жобаларын жасау үшiн бастапқы деректердi (бизнес-жоспарларды) дайындайды;
шығарылатын өнiмдi өндiру және сату, жаңа өнім түрлерiн, прогрессивті техника мен технологияны игеру үшін кажетті материалдық, еңбек және қаржы шығындары бойынша есептеулерді орындайды;
ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асырады;
өндiрiс резервтерiн анықтайды;
үнемдеу режимiн қамтамасыз ету, өндiрiс рентабелділігін, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өндiрiс шығындарын және өнімді сату шығындарын төмендету, шығындар мен өнiмсiз шығыстарды жою, сондай-ақ қосымша өнім шығару мүмкіндіктерін анықтау жөнiндегi шараларды әзірлейді;
еңбек пен өндiрiстi ұйымдастырудың, жаңа техника мен технологияны енгізудің, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың тиiмдiлiгiн айқындайды;
әзiрленген өндiрiстiк-шаруашылық жоспарларды қарауға, ресурстарды үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, жоспарлы және есеп құжаттамасын енгізуге және жетілдіруге қатысады;
шарттар жасауға қажетті материалдарды ресiмдейдi, шарт мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн қадағалайды;
ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелері бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысына, iшкi шаруашылық резервтердің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
маркетингтік зерттеулердi жүргізуге және өндiрiстiң дамуын болжауға қатысады;
регламенттелмеген есеп айырысуларға және есеп айырысу операцияларының дұрыс жүзеге асырылуын бақылауға байланысты жұмысты орындайды;
ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелері өндiрiстiк қызметі нәтижелерінің экономикалық көрсеткiштерiн есепке алуды, сондай-ақ жасалған шарттарды есепке алуды жүргізеді;
белгіленген мерзiмдерде мерзімдік есептілікті дайындайды;
экономикалық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмысты орындайды;
деректерді өндеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгiзедi;
мiндеттердiң экономикалық қойылымын не есептеу техникасының көмегімен шешілетін олардың жекелеген кезеңдерiн қалыптастыруға қатысады;
экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негiзделген жүйелерiн құруға мүмкiндiк беретiн дайын жобаларды, алгоритмдердi, қолданбалы бағдарламалар пакетiн пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.
2.Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының ұйымның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін;
ұйым кызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі әдістемелік материалдарды;
жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды;
ұйымның шаруашылық-қаржылық және өндірістік қызметінің перспективалы және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібін;
бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртiбiн;
жоспарлы-есепке алу құжаттамасын;
материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртiбiн;
ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің көрсеткіштеріне экономикалық талдау және есепке алу әдістерін;
жаңа техника мен технологияны, еңбекті ұйымдастыру түрін, рационализаторлық ұсыныстарды және өнертабыстарды енгiзудiң экономикалық тиiмдiлiгiн айқындау әдiстерiн;
есептеу жұмыстарын жүргізу әдістері мен құралдарын;
шарттар жасауға арналған материалдарды ресiмдеу қағидаларын;
жедел және статистикалық есепке алуды ұйымдастыруды;
есептілікті жасаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн;
нарықтық экономика жағдайларында ұйымның экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн;
экономиканы, өндiрiстiң, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылуын;
өндіріс технологиясы негіздерін;
шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;
техникалық-экономикалық есептеулер мен ұйымның шаруашылық қызметін талдауды жүзеге асыру үшiн есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктерін;
есептеу техникасын пайдалану қағидаларын.
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (экономикалық) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма – қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Құжаттарды тапсыру үшін мекен –жайы:
БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135
Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ
Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67
Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru