«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Лауазымның атауы:

  1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі – 1 бірлік;

 

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:  20.03.2026 ж.

Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 02.04.2026 ж.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 236520 теңгеден бастап

 

 

  1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
  1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  1. штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
  2. даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
  3.  бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
  4.  кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
  5. оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
  6. республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  7. кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
  8. қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
  9.  қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
  10.  компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
  11.  кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
  12.  педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  13.  педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
  14.  өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
  15.   әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
  16.  есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

    аудандар/қалалар деңгейінде:

   тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

  1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

     

 аудандар/қалалар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымының" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.

 

  1. Қажетті құжаттар тізімі:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз  түрінде жолдайды:

  • осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
  • 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

         Құжаттарды тапсыру үшін мекен – жайы:

         БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135

         Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

         Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67

         Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru, altynai_s84@mail.ru