
Сізді(-дерді) бұл ғажайып өнер мен тыныстың мерекесіне айналған Облыстық балет мектебінің есеп беру концерті,
яғни «Қуыршақ перісі» атты екі актілі балеті
2025 жылдың 19 мамыры күні
Абай атындағы театрда күтеді!
Қоюшы-режиссері, Мәдениет саласының үздігі, Татарстан Республикасының мәдениет қайраткері Камилия Рашитқызы Исмаилова.
Бұл Балет көрермендерді мейірімділікті, армандарды, достықты және балалық сиқырды бағалауға үйретеді. Дүниеге бала көзімен қарасақ, ең қарапайым нәрселердің өзі ертегіге айналатынын көрсетеді. Бұл концертте әрбір қуыршақ тірі жан, ал әр биі аян іспетті, сахна армандар орындалатын сиқырлы әлемге айналады.
I акт – «Ғажайыптың оянуы»
Әппақ аққу әлемді оятады. Сиқырлы дүкен өз есігін айқара ашады, ал әлемнің түкпір-түкпірінен келген қуыршақтар, бұзық, сымбатты, әсерлі билерімен өмірге келеді. Барлығына жан мен нұр сыйлаған Қуыршақ перісі Аққу кейіпінде қалықтайды.
II акт – «Сиқырлы саяхат»
Әртүрлі ұлттарының қуыршақтары сұлулық пен нәзіктік шеруін ұсына отырып, көрермендерді ғажайып айна әлеміне енгізеді. Аққу барша қуыршақтарды нұрға жетелеп, жүректерді өнер мен ізгілік жолында шабыттандырып – Бірліктің жарқын биімен Балетті аяқтайды.
Концерттің екінші бөлімінде, 2025 жылдың түлектерімен қоштасып, балет өнерін жүректеріне сақтаған жас әртістердің жарқыраған өнерлерін тамашалаймыз.
Балалық шақтан жетелеген шығармашылыққа өтудің сырлы да әсерлі сәті 7-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру рәсімімен аяқталады.
«Қуыршақтар перісі» жай ғана спектакль емес.
Бұл өнер мен шығармашылық шабытқа арналған жүректердің биі.
Біз сіздерді осы сиқырлы күні — 19 мамырда күтеміз!