
№8 “Балбөбек” бөбекжайының базасында "Интеллектуалды дамыту ойындары – тәрбие мен білім беру процесінде ұйымдастыру құралы ретінде" тақырыбында қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – интеллектуалды дамыту ойындарының тәрбиелеу мен оқыту үдерісіндегі маңыздылығын талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру. Іс-шараға қалалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен балабақша меңгерушілері қатысты. Қатысушылар білім беру үрдісінде ойын әдістерін қолданудың тәжірибелік жолдары мен оң нәтижелері туралы баяндап, пікір алмасты.
Отырыс барысында түрлі инновациялық әдістер ұсынылып, интеллектуалдық ойындарды оқу-тәрбие процесінде тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды