Семей қаласы бойынша 2024-2025 оқу жылын 52182 оқушы аяқтайды.
Қала мектептерінің оқушылары үшін оқу жылын қорытындылау іс- шарасы 24 мамырда өтеді.
Оқу жылын Семей қаласы бойынша 52182 оқушы аяқтайды, оның 2276 -сы 11 сынып бітіруші түлектер. «Алтын белгі» үміткерлерінің саны -87, өткен оқу жылымен салыстырғанда 46 оқушыға артқан. Орта білім және негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді, мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында болады. ҰБТ тапсырудың негізгі легі 16 мамырдан 5 шілдеге дейінгі аралықта өтеді.
2025 жылы 11 сыныпты бітіретін 2276 түлектің, 1956-сы – (85,9%) ҰБТ-ға қатысады.
В школах города Семей 2024–2025 учебный год завершают 52 182 учащихся.