15-мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай мерекені насихаттау мақсатында Семей қаласының мектептерінде бірқатар іс-шаралар өткізілді, онда қатысушылар әлеуметтік желілерде отбасы құндылықтары туралы әңгімелеп, ең жақын,қымбат адаммен байланысты жылы естеліктермен бөлісті. Сурет байқаулары, сынып сағаттары, сыныптан тыс іс — шаралар өткізілді, естеліктерімен және алғыс сөздерімен бөлісті. Балалардың әрбір жұмысы шынайы махаббатқа толы болды.
Мерейлі мерекеде отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!