
Семей қалалық білім бөлімі облыс прокуратурасымен бірлесіп «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептерінде жастарға арналған іс-шараларды белсенді түрде өткізіп жатыр.
Бұл қағидаттарды Алихан Бөкейханов атындағы университеттің үздік студент-заңгерлері – 56 болашақ құқықтанушы тартылды.
Олар 7-10 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесулер өткізіп жатыр. Тақырыптар – бейресми, бірақ өмірлік маңызды:
- буллинг және оған қарсы тұру жолдары
- нашақорлықтың қауіпі және қылмыстық жауапкершілік
- алаяқтық пен бопсалау схемалары
- өзіңді және жақындарыңды қорғау тәсілдері.