10 сынып оқушыларына арналған «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің» мамандарымен «Мамандық таңдау: мектептен кейінгі жолдар» тақырыбында кездесу өтті.

10 сынып оқушыларына арналған «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің» мамандарымен «Мамандық таңдау: мектептен кейінгі жолдар» тақырыбында кездесу өтті.

2025 жылдың 13 мамыры күні Семей қаласы №17 мектеп базасында қалалық мектептердің 10 сынып оқушыларына арналған «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің» мамандарымен «Мамандық таңдау: мектептен кейінгі жолдар» тақырыбында кездесу өтті. ҰБТ бөлімінің атқарушы директоры Шаріпханов Тоқтар Шаріпханұлы мектеп түлектеріне ҰБТ ережелерінің өзгерістері, кәсіптік бағдар беру жайлы ақпаратпен бөлісіп, емтиханға тиімді дайындалудың жолдарын көрсетті. 4 жылдық грант статистикасы мен шекті балл, мамандық таңдау жолдары, ҰБТ комбинацияларын таныстырып өтті. Кездесу барысында мотивациялық жүйе жайлы сұрақтар талданды. Сонымен қатар «Математика» пәні мұғалімі Сейтқазин Елдос есеп шығарудың тиімді жолдары тақырыбында life hack-пен бөлісті. Атап айтсақ «Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебі» түлектерге арнап жыл сайын «Алтын түлек олимпиадасын» өткізеді.