7 мамыр-Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордада әскери-патриоттық шеру өтті. Құрметті қатысушылар қатарында - Шәкәрім атындағы №5 гимназияның түлегі, 2024 жылғы Қазақстанның үздік "Жас сарбазы" Олжас Самархан бар. Еліміздің барлық өңірлерінен Жеңіс күніне орайластырылған Астанадағы шеруге "Жас сарбаз" қозғалысының екі өкілі ғана шақырылды, олардың бірі — Абай облысынан еді. Олжан Самархан орталық трибунада орын алып, қазақстандық жастардың рухы мен патриотизмін бейнелейтін Мемлекеттік Туды мақтанышпен қарсы алды. Мектеп кезінде мені әскери жолға бағыттаған "Жас сарбаз" қозғалысының төрағасы Серік Түсіповке, сондай-ақ Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Қанат Шәріпхановқа қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. "Жас сарбаз" — бұл жай ғана қозғалыс емес, патриоттық жастарды тәрбиелеу жолы, - деп атап өтті Олжас. Самархан Олжас 2024 жылы "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының 750 қатысушысы арасында үздік атанды. Қазіргі уақытта ол Ұлттық музей жанындағы патриоттық орталықта жұмысын жалғастыруда және "Жас сарбаз"республикалық слетіне белсенді қатысады.