2025 жылғы 18 сәуірде АКАДЕМИК
ҚАНИПА ОМАРҒАЛИҚЫЗЫ БІТІБАЕВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ конференцияға Семей қаласының ұстаздары және еліміздің түпкір түпкірінен 500 ден астам педагог қатысты. Ыбырай Алтынсарин атындағы/37 гимназияның Қ.Бітібаева атындағы зертхана жетекшісі Құралай Құралтайқызы зертхана жұмысын көрсетті, пленарлық бөлімінде іс-тәжірибесімен бөлісті. Хан апаның атындағы зертхана жұмысына оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев зор алғыс білдірді.Құралай Құралтайқызы “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталды. Ауқымды шараға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз. Зертхана жетекшісі Құралай Құралтайқызын құттықтаймыз. Білім бөлімі