
Бүгін қала мектептерінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі басталды.
Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісі Семей қаласының 19 мектебінде жүргізіледі, оның ішінде 1-і жекеменшік мектеп.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі (МОДО) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасының жүйелі мониторингі.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингісі жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы басшылыққа алынды.
ББЖМ 4-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
ББЖМ 9-сыныптарда электрондық форматта оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша тестілеу нысанында жүргізіледі