
2025 жылғы 27-28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» білім беру орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы облыстарынан 158 педагог қатысты. Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Аталмыш іс-шараға Семей қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша Суйгенбаева Айерке Молдабайқызы (№34 ЖОББМ) ІІІ жүлделі орынды иеленді. Берікова Е.Б. (№12 ЖОББМ), Гадильшинова М.Г. (№25 ЖОББМ), Жакпекова А.С. (№38 ЖОББМЛ) олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.