Ұлттық үстел-үсті ойыны “Бестемше”

Ұлттық үстел-үсті ойыны “Бестемше”

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасының шеңберінде ұлттық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар арасында қалалық «Бестемше» ұлттық үстел-үсті ойынынан жарыс №1 «Арман» бөбекжайында өтуде. Осы ойынды Семей қаласында және облыс көлемінде мектепке дейінгі ұйымдар арасында кеңінен таратуына ат салысып жүрген №1 «Арман» бөбекжайының дене тірбиесінің нұсқаушылары Советханов Еркебулан Амангельдыұлы, Аңсағанов Ерсұлтан Мейржанұлы, Жұмабай Али Дулатұлы бүгінде сайыстың жоғары дәрежеде өтуіне белсендік танытып, тамаша ұйымдастыра білді. Жарысқа Семей қаласының 15 мектепке дейінгі ұйымдарынан 30 тәрбиеленуші қатысуда.