
Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында Семей қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі және орта білім беру секторы қаланың білім беру ұйымдарының педагогтерді аттестаттауға жауапты орынбасарларымен онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналыста 2025 жылы педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін аттестаттау рәсімінің өткізілуі және «Ұстаз» педагогтің үздіксіз дамуының ұлттық платформасына құжаттардың жүктелуі туралы сұрақтар қамтылды