🗓 07.02.2025 ж. №35 жалпы орта білім беретін мектепте «Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс -тәсілдері» қалалық оқу семинары өтті.
🎯 Семинардың мақсаты: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын арттыру.
👨🎓 Семинар спикерлері:
1. «Математикалық индукция.Логика.
Инвариант.Есептер шығару» /
“№27 ЖОББМ” КММ, Оразова Ж.К., педагог- модератор.
2. «Қосымша шеңбер әдісі» / “№35 ЖОББМ” КММ, Тургамбаева А.Т., педагог- сарапшы.
3. «Мектеп оқушыларына арналған математикалық олимпиада тапсырмалары» / “№35 ЖОББМ” КММ, Манапова Ш.А., педагог-модератор, магистр.
4. «Олимпиадалық геометриядағы танымалы теоремалар» / “№35 ЖОББМ” КММ, Жумаханова Г.А., педагог-зерттеуші.
💯 Семинарды қорытындылай келе, семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралар мұғалімдердің ынтымақтастығы мен өзара әрекеттесуі үшін қажет екенін атап өтті.