
«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
2025 жылғы 6 қаңтарда «Зерделі ақыл-ой дамыту» білім беру орталығы және «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Семей қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Аталмыш іс-шара бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.
Олимпиада нәтижесі бойынша Берікова Еркежан Берікқызы (№12 ЖОББМ), Гадильшинова Мархабат Галиповна (№25 ЖОББМ), Суйгенбаева Айерке Молдабайкызы (№34 ЖОББМ), Жакпекова Асемгуль Сейрказыевна (№38 ЖОББМ) І жүлделі орынды жеңіп алды. Шварцкопф Светлана Станиславовна (№1 ЖОББМ), Чарикова Светлана Валерьевна (№2 ЖОББМ), Юсбекова Альмира Киноятовна (№9 ЖОББМ) ІІ жүлделі орынды, Закирова Гульфия Капановна (№4 ЖОББМ), Сусоева Ольга Михайловна (СОШ №18) ІІІ жүлделі орынды иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Командалық есепте Семей қаласының командасы І орынды жеңіп, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» атағына ие болды.
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары Абай облысы командасы құрамында Астана қаласында өткізілетін «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!