Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математика сабақтарының калейдоскопы» тақырыбында семинар өтті.

Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Математика сабақтарының калейдоскопы» тақырыбында семинар өтті.

Математика сабақтарының калейдоскопы
Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математика сабақтарының калейдоскопы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы бастауыш сынып мұғалімдерінің білімдерін толықтыру, педагогикалық іс-тәжірибемен алмасу. Семинардың ашылу бөлімінде мектеп директоры Ж.Малгаждарова және білім бөлімінің әдіскері Г.Молдаханованың алғы сөзі тыңдалды. Педагог-психолог Қызылбалаева Н.М.қатысушылармен псхологиялық тренинг өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысы туралы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Датбаева Н.С. айтты. Семинардың тәжірибелік бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері Чегебаева У.К, Калиева Л.С., Ынтыкбекова Т.Б., Каспакпаева Ж.С., Кабакаева А.Е., Кайырханова А.С., Нұрғабиева Г.Қ., Жөкенбаева Г.М ашық сабақтар өткізді. Әр сабақта педагогтер интербелсенді құралдарды, әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Педагогтер Азаматова А.М., Камалова Ә.К. «Ұлттық құндылықтарға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Семинар соңында әріптестер кері байланыс жасап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Калейдоскоп уроков математики
Для учителей начальных классов в КГУ «Гимназия №37 имени Ы.Алтынсарина» проведено мероприятие на тему «Калейдоскоп уроков математики», целью которого являлось пополнение знаний учителей начальной школы о методах и приёмах формирования математической грамотности обучающихся, обмен педагогическим опытом. На открытии данного мероприятия с приветствием выступили директор гимназии №37 Малгаждарова Ж.З. и методист отдела образования Молдаханова Г.А. Педагог-психолог Қызылбалаева Н.М. провела с участниками психологический тренинг. С работой учителей начальных классов ознакомила заместитель директора Датбаева Н.С. В ходе семинара учителя начальных классов Чегебаева Ү.Қ, Қалиева Л.С., Ынтықбекова Т.Б., Қаспақпаева Ж.С., Қабақаева А.Е., Қайырханова А.С., Нұрғабиева Г.Қ., Жөкенбаева Г.М. показали открытые уроки. На каждом уроке учителя эффективно использовали интерактивное оборудование, групповые и индивидуальные формы работы с обучающимися, различные методы и приёмы. Педагоги Азаматова А.М., Камалова Ә.К. организовали мастер-класс. В завершении мероприятия участники обменялись мнениями, выразили благодарность коллективу школы.