Қалалық семинар-практикум  «Ұлттық құндылықтар-оқу мен тәрбиенің түп қазығы»

Қалалық семинар-практикум  «Ұлттық құндылықтар-оқу мен тәрбиенің түп қазығы»

Қалалық семинар-практикум  «Ұлттық құндылықтар-оқу мен тәрбиенің түп қазығы»

            Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне «Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де  «Ұлттық құндылықтар-оқу мен тәрбиенің түп қазығы»тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараның ашылу бөлімінде мектеп директоры Айжан Задановна Сепсекенованың сөзі тыңдалды. Әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Нургуль Такановна Жуманбаева семинардың мақсаты мен міндеттерін айтып,  қатысушыларды семинар өткізу бағдарламасымен  таныстырды, мектепалды даярлық тәрбиешілерінің жұмысы туралы айтты. Семинар барысында Иманбекова Гульмира Тлеукеновна, Хамзина Анаргуль Нургасымовна, Тайменова Асемгуль Рахымжановна балалармен қызықты сабақтар өткізді. Педагогтер Бакишева Марал Оразгазиевна мен Нургалиева Әсем Асанқызы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық  сана-сезімді қалыптастыру, сөйлеуін дамыту үшін қолданылатын инновациялық технологиялар, топтық жұмыс әдістері туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.  Іс-шараның соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты.