Шәкәрім атындағы көпбейінді  №5 гимназиясымыздың биыл киелі қара шаңырақ білім ордасына 100 жыл. І ғасырға жуық тарихы бар алаш мектебінде ұзақ жылдар қызмет атқарған спорт ардагері, волейбол ойынының шебері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Мұқанова  Бақытгүл  Құлжағазы қызын еске алу құрметіне орай  ұйымдастырылған    Семей  қаласы мектептерінің арасында және « К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, Мұқановтар отбасылық «Аманат» командалар арасында  облыстық  волейболдан  жарыс  өтті.

Мұқанова Бақытгүл Құлжағазықызы  1964 жылдың 17 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында дүниеге келген.1971-1981 жылдар аралығында Ақсуат орта мектебінде білім алды. Мектеп қабырғасында жүргенде спорт және музыка мектебінің домбыра класында білім нәрімен сусындады. Жастайынан өнерге, спортқа бейім Бақытгүл мектепте үздік оқуымен қатар түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленді. Бала кезінен журналист болуды армандаған Бақытгүл өз ортасын думандатып жүретін жаны жайсаң жан еді. Студенттік шағын Талдықорған қаласында өткізген. Оқу бітіргеннен кейін өз туған жері  Ақсуатта, одан кейін Аягөз қаласында ұстаздық қызмет атқарды. Сол жылдарда көркемөнерпаздар байқауларында оркестрде домбырада ойнап, ән шырқап өнерін көрсететін. Тек өнер саласымен шектелмей, волейбол командасының  сапында спорттық шеберлігін көрсетіп, әртүрлі марапаттарға ие болған.

Турнирдің мақсаты:Салауатты өмір салтын насихаттау, Мұғалімдер арасындағы волейбол ойынын дамыту, спорт ардагерлерін еске түсіру, құрметтеу.

         Спорт ардагері, волейбол ойынының шебері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Мұқанова  Бақытгүл  Құлжағазы қызын еске алу құрметіне  Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері   Сулейменова Айтжамал Семейхановна,  ұстазы  Ғани Тоқтарғазықызы және ардагер ұстаз Жансұлтанов Серік Габдуллинович, №38 мектеп- лицейі директоры Оспанов Руслан Ахметоллаевич, №21 ЖОББМ директоры Рахимжанов Шарипхан Қалиханович,   «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұғыманов  Айбек Әнуарбекұлы, Мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Меңдіғалиев Ақжол Меңдіғалиұлы, Абай облысының Қорғаныс Істер департаменті  бастығының орынбасары подполковник  Шәріпханов Қанат Қабдыгаләмұлы, Аксуаттан келген әріптесі дене шынықтыру мұғалімі Мейрамбек Маратұлы келді. Іс-шараға  қатысып, өз қолдауларын көрсеткен  қонақтармызға  алғысымызды  білдіреміз.          

      Бақытгүл Құлжағазықызына арнап  «Еске алу»  әнінің сөзін жазған басшымыз   Муканова Нұргүл  Құлжағазықызы болса, әнін жазған бүгінде өмірден озған әріптесіміз  Искаков Мэлс еді. Бұл шарада осы әнді  Дәурен Ерлан орындап берді.

 Жарыс  қорытындысы бойынша,  жеңісті келесі командалар қанжығасына байлап қайтты. 1-орынды  Мұқановтар отбасылық «Аманат» командасы,  2-орын «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі», 3- орынды  №38 мектеп-лицейі  иеленді. Жеңіске жеткен командалар кубок , медаль, мадақтамалармен марапатталды  және «Үздік шабылушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік  ойыншы» аталымдарымен қатар   бағалы сыйлықтар берілді. 

Барлық қатысқан мұғалімдерге  алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды  жеңістерімен  құттықтаймыз!