«Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасы
2024 жылғы 22-23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» білім беру орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы облыстарынан 160 педагог қатысты. Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Аталмыш іс-шараға Семей қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша Дерябина Екатерина Павловна (№12 ЖОББМ) ІІІ жүлделі орынды иеленді. Тұрысбекова Шұғыла Кабиденовна (№16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ) олимпиадада ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.
Олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз!