
“Абай облысы білім басқармасы” ММ Семей қаласы білім бөлімінің «№47 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не жаңа директор тағайындалды.
Бұл лауазымға Ахметова Меруерт Серикжановна тағайындалды. Ахметова Меруерт Серикжановна 1980 жылғы 20 қарашада Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 1997–2001 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде білім алып, «Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2019–2021 жылдары АБУ-де білім алып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
Жалпы еңбек өтілімі – 24 жыл. Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші
Еңбек жолы:
2001–2025 жылдар аралығында «№15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.
01.09.2024 жылдан бастап директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, «№15 ЖОББМ» КММ.
10.04.2025 жылдан бастап «№51 ЖОББМ» КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2025 жылы қазан айында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» курсын аяқтаған.
Марапаттар: қалалық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, «Білім-инновация» ұйымының Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен марапатталған.
Жаңа қызметінде табыс, шығармашылық жетістік және сәттілік тілейміз!