Республикалық Абай оқулары

Республикалық Абай оқулары

Республикалық Абай оқулары

2026 жылдың 21 маусымында Семей қаласында жалпы орта білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында XXVII республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Абайдың рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған дәстүрлі байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар мен жетекші ұстаздар қатысты. Конкурс қатысушыларын қала мектептері жылы қарсы алып, қонақжайлық танытты.

Салтанатты ашылу рәсіміне қала мектептерінен 100-ге жуық мұғалім қатысып, жас таланттарға қолдау білдірді. Іс-шара барысында Абай шығармашылығының тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен насихатталып, қатысушыларға сәттілік тілектері айтылды.

XXVII республикалық «Абай оқулары» – жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, Абай мұрасын терең танып-білуге мүмкіндік беретін маңызды мәдени-білім беру алаңы болып табылады.

Білім бөлімі