Ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды

Ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды

2026 жылдың 17 маусымында Абай обылысының әкімі Берік Уәли білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін №49 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Токтубаева Гүлфариза Темірбайқызы «Құрмет» орденімен марапаттады. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Жолбарысов Нұрлан Мұстафаұлына «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Марапаттар ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен білім сапасын арттыру жолындағы қажырлы еңбегінің жоғары бағаланғанының белгісі. Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!