«Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты түрде табыстау рәсімі

«Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты түрде табыстау рәсімі

2026 жылдың 17 маусым күні Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының 152 түлегіне «Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Мерекелік іс-шара Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында өтті. Жиында білім мен еңбектің биік үлгісін көрсеткен түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың жетістіктері жоғары бағаланды.