1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ертіс өзенінің жағалауында Семей қаласының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Іс-шара аясында балалардың қолөнер және сурет салу бағытындағы шығармашылық жұмыстарының көрмесі қойылып, жас таланттардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.Іс-шара аясында қала мектептерінің оқушылары робототехника көрмесін ұйымдастырып, өздерінің заманауи жобалары мен техникалық әзірлемелерін таныстырды. Жас өнертапқыштар роботтардың мүмкіндіктерін көрсетіп, қонақтарға өз жұмыстарының ерекшеліктері туралы ақпарат берді.