Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш.
2. Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
3. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у «Профилактикалық екпелер картасы» нысанындағы және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
4. Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері қабылданады.
Мектепалды даярлықтан сол білім беру ұйымында өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өтініштерді өңірлер бойынша кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізіледі.