
2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 12 мамырда басталды, 10 шілдеге дейін өткізіледі.
ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген мектеп бітіруші түлектер қатысады. Семей қаласы мектептеріндегі 2583 мектеп бітіруші түлектердің 2401-і (92,9%) тестілеуге қатысады деп күтілуде.
Әр талапкер тестілеуді 2 рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен білім беру гранты конкурсына қатыса алады.
Тестілеу 5 пән бойынша өткізіледі: 3 міндетті және 2 бейіндік пән. Жалпы тапсырмалар саны – 120, ең жоғары балл – 140.
Өтініш беру барысында талапкерлер тестілеу күнін, уақытын, пунктін және бейіндік пәндер комбинациясын өздері таңдайды.
Тестілеу кезінде смартфон, шпаргалка және тыйым салынған заттарды алып кіруге, аудитория тәртібін бұзуға тыйым салынады. Ереже бұзылған жағдайда тест нәтижелері жойылады.