2026 жылдың 8 сәуірінде қала мектептерінің оқушылары арасында XXVII республикалық “Абай оқулары” шығармашылық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.

2026 жылдың 8 сәуірінде қала мектептерінің  оқушылары арасында  XXVII республикалық “Абай оқулары” шығармашылық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.

2026 жылдың 8 сәуірінде қала мектептерінің  оқушылары арасында

XXVII республикалық “Абай оқулары” шығармашылық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға қала мектептерінен 50 оқушы қатысып, Абай мұрасын насихаттауда өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Абайдың асыл мұрасы»
    Бұл номинацияда қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, мәнерлеп оқу шеберлігімен бағаланды. Қазылар алқасы оқушылардың шығармаларды толық білуі мен орындау деңгейіне назар аударылды.

🏆 Жеңімпаздар:
 I орын –Арғынғалиева Айару, «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы  орта білім беретін мектебі»
II орын – Тоқтаған Амина, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы»

Рахымбек Нұрали, «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі»

ІII орын  - Төлеубекова Аружан, «Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі»

Қанатова Ақбота, «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі»

Жөкен  Жансая, «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»

Санақбек Кәусар, «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі»

  1. «Абайдың ақын шәкірттері»
    Қатысушылар Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

🏆 Жеңімпаздар:
 I орын – Сұлтан Алмас  «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» 10 сынып;
 II орын – Аянқызы Айша, «№ 15  жалпы орта білім беретін мектебі»

Дулатова Махфуза, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» 9 сынып
III орын- Сембаева Нұрайым «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы  орта білім беретін мектебі»

  1. «Әнді сүйсең, менше сүй»
    Бұл номинацияда оқушылар Абай, Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындап, өнер шеберліктерін көрсетті.

🏆 Жеңімпаздар:
 I орын –Ерболов Ерали, «№ 46  жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;
II орын – Тұрсынғазы Ақтілек «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;

Қайратбек Ырысгүл, «№ 23  жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;
III орын – Мәулен Кәусар «№ 4  жалпы орта білім беретін мектебі» 9 сынып;

Қадылов Диас , «№ 11  жалпы орта білім беретін мектебі» 11 сынып.

  1. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
    Оқушылар өз шығармаларын ұсынып, авторлық өлеңдерін оқып, шығармашылық қабілеттерін танытты.

🏆 Жеңімпаздар:
 I орын – Бейсен Айзере, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебі»
II орын – Жабаев Мерлан, «Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі»
III орын- Кикимова Найзана, «№ 3жалпы орта білім беретін мектебі»

  1. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
    Қатысушылар Ұлы ақын туралы көркем шығармаларды (М.Әуезовтің «Абай жолы», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», К.Оразалиннің «Абайдан соң» және басқа да туындылар) талдап, сұрақтарға жауап берді.

🏆 Жеңімпаздар:
 III орын – Серікқазы Іңкәр, «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» 

 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып,жүлделі І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Абай мұрасын дәріптеу жолындағы ізденістеріңіз әрқашан жемісті болсын!