Тұтқышева Айгүл Туляутаевна «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Тұтқышева Айгүл Туляутаевна «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Тұтқышева Айгүл Туляутаевна «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Айгүл Туляутаевна 1970 жылы 30 қыркүйекте Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын Семей қаласындағы №1 «Арман» балабақшасында тәрбиеші және әдіскер қызметтерінен бастаған. 2005–2015 жылдар аралығында осы білім ордасында табысты еңбек етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосты. 2015–2024 жылдары Семей қаласындағы «Айналайын» шағын орталығының директоры қызметін атқарып, мекеменің дамуына үлес қосты. 2024–2026 жылдары «Ұлы Дала ИК» балабақшасында меңгеруші лауазымында жұмыс істеп, ұжымның кәсіби деңгейін арттыруға және балаларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Айгүл Туляутаевнаға жаңа қызметінде толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және жұмысына сәттілік тілейміз!