Облыстық семинар «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен шешімдер»

Облыстық семинар «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен шешімдер»

Облыстық семинар «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен шешімдер»

📚2026 жылғы 27 наурызда «Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді қолданудың заманауи әдіс-тәсілдерін зерделеу, педагогтердің озық тәжірибелерін жинақтап, тарату мақсатында «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен шешімдер» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
👩‍💻Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық білім беру платформаларын тиімді пайдалану, сабақ үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Мұғалімдер шеберлік сағаттарына қатысып, практикалық жұмыстар арқылы жаңа әдістерді меңгерді.
👩‍🏫Семинар аясында тәжірибелі педагогтер әдістемелік тәсілдерімен бөлісіп, цифрлық құралдарды қолдану арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын көрсетті.
📌Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.